Академия курсанттары жеңімпаз атанды

2016 жылғы 21-қазанда сағат 15.00-де Қостанай мемлекеттік  педагогикалық институтының Ректор кубогіне арналған облыстық ашық лиганын 1/8 финал сайыстары өтті. Арқалықтан келген «Айди  ТВ», М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік экономиқалық университетінен «Парламент», А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінен «Ордалы» және «КГУ мэн», Политехникалық колледжінен «Политех жастары», З.Алдамжар атындағы әлеуметтік-техникалық университетінен «Көңілді студенттер» атты топтар жүлделі орынға таласты. Осы өткен ойынға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының «Ішкі істер құрамасы»  қатысып, 1/4 финалына өтті. Келесі ойынға сәттілік тілейміз!

26_03_1

 

         «Ішкі істер құрамасы» жайдарман тобы.