«Тәртіп сақшы курсанттар»

Қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтауды және қадағалауды қамтамасыз етудің ұйымдастырылуын жетілдіру мақсатында Қостанай қаласының Ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция майоры Бермуханов Алибек Амандыкович және қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыздандыру ісі жөніндегі жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы полиция майоры Берлин Виталий Юрьевич  ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 курс курсанттарын  полиция нарядының патрульдік міндеттерін атқаруға шақырды. Жергілікті полиция қызметі осылайша 2016 жылының 17-ші қазан айынан бастау алып, қаладағы қылмыс санын төмендетуді көздеп отыр. Жергілікті полиция қызметі мен 3 курс курсанттары біріккен тәртіп сақшыларыларының басты мақсаты  құқық бұзушылықтың кең жайылған түрлерімен күрес жүргізу, қоғамдық орындарды тексеру, оның ішінде түрлі тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында адамдардың қарым-қатынас жасайтын орындары, көшелер мен бұқаралық объектілерінде профилактикалық тексеру жұмыстары жүргізу болып табылады. Қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге қатысушы полиция кешенді күштерінің іс қимылдарын үйлестіру үшін жергілікті полиция қызметінің 1 полиция сержантына 2 курсанттары бекітілді. Курсанттар үшін де бұл пайдалы іс осы қызметтің ерекшеліктерін ескеріп, патрульдік қызмет атқарудың тактикалық тәсілдерін меңгерді. Және де курсанттар криминогендік жағдай қалыптасқан аймақтарда, жиі кездесетін көше қылмыстарының жолын кесу мен оларды ашу жөніндегі іс қимылдар жасауды үйренді. Полицияның жылжымалы пункттері мен тұрақты күзет орындарының озық жұмыс әдістерін іс жүзінде қолданысқа алды.Қажетті арнайы құралдарымен, оның ішінде байланыс құралдарымен қамтамасыз етілді. Ағымдағы тәулікте  орын алған қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі құқықбұзушылықтарды жергілікті полиция қызметі бойынша кезекшілікке баяндап отырды.

 

3 курс курсанты полиция қатарындағы Маликова У.А.

 

24_02_2

24_02_3