Жастардың жайдарын жаулаған «Жайдарманда» «Ішкі Істер құрамасы» үздік атандып, ақтық мәреге жолдама алды

2016 жылдың 8 қазанында, сағат 18:00 Қостанай қаласы, Балалар шығармашылық мектебінде, «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ  «Қостанай КВН» филиалының ұйымдастыруымен Республикалық «Торғай» орталық лигасының ½ финалдық ойыны өтті.

14_02_1

«Жаңа маусым — жаңару» жаңалыққа толы. Ерекше тартысты болған ойын шын мәнінде де жаңалыққа толы болды. Кеш жүргізушісі: «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ «Қостанай КВН» филиалының директоры- Бәкір Марғұлан, бас редактор Кәрім Қасиет.
Қатысушы топтар:

  1. «Көшіп келгендер» Қостанай ауданы, Семёнов ауылы;
  2. «Ару.kz» Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты;
  3. «Интервью» А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті;
  4. «Сөз жетпес» Еркін құрама;
  5. «Жаңа ғасыр» Рудный әлеуметтік гумманитарлық колледжі;
  6. «Құрдастар» Еркін құрама;
  7. «Алтықарасу жастары» Ақтөбе облысы, Алтықарасу ауылы;
  8. «Ішкі істер құрамасы» ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы.

Ойын жалпы 2 сайыс бойынша өтті:  Жалпы тақырып – «Жаңа маусым — жаңару» Фристайл: 5 минут. Тақырыбы:«Бәрі де жаңаша» Жоғары ұпай– 5.  Капитандар сайысы – «Ол ештеңе емес» Жоғары ұпай -1.  Екінші сайыс, Жайдарман сахнасында алғаш рет ойнатылып тұр. Бұл да осы ойынның бір жаңалығы.

Ойындағы, жалпы маусымдағы тағы бір жаңалық, қазылар алқасы құрамында не бары 3 қазы отырды, айта кетсек олар:

  1. Қостанай облысы әкімдігі, мәдениет басқармасының басшысы – Ерлан Қалмақов;
  2. Жастар мен Жайдарман жанашыры – Абай Жүсіпов;
  3. Республикалық «Торғай» орталық лигасының бас редакторы – Кәрім Қасиет.

14_02_2

Жалпы ойынның қорытындысы кестеде:
Ақтық мәре финалға кестедегі алғашқы 5 топ жолдама алды. Республиканың үздік 8 командасы қатысқан бұл ойында біздің ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының «Ішкі Істер құрамасы»ақтық мәреге 2 орын иеленіп өтті.