«Тіл парасат 2016»

Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы 2016 жылғы 30 қыркүйекте мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт жастар арасында «Тіл парасат 2016» атты облыстық байқау өткізді. Байқаудың мақсаты- мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, қолдану аясын кеңейту, қазақ тілін жетік меңгерген талантты жастарға қолдау көрсету.

Байқауға ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы атынан 1курс курсанттары  Синолицина Вероника, Андрейчук Ольга қатысты.

Байқаудың өткізілу шарттар бойынша, ұсынылған тақырыпқа мемлекеттік тілде ауызша тұсаукесер жасау, жұппен диалог құру, қазақ тілінде эссе жазу, сонымен қатар, шығармашылық тапсырма аясында өнер көрсету.  Байқауға берілген тапсырмаларды қатысушылар дәл және тез орындап шықты.

 Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға диплом, бағалы сыйлықтар берілді.

Әділ қазылардың шешімі бойынша, Синолицина Вероника екінші орынға ие болып, екінші дәрежелі диплом және заттық сыйлыққа иеленді, ал Андрейчук Ольга алғыс хатпен марапатталды.

Мемлекеттік тілде жүргізіліп жатқандығы және өткізіліп жатқан байқаудың маңызы өте зор. Байқау  жоғары деңгейде өтті, қатысушыларға және қонақтарға үлкен әсер қалдырды.

Курсанттарды құттықтай отырып,әрдайым сайыстарда ғана емес, нақты оқу барысында да белсенділік танытып, мемлекеттік тілді дамытуға ат салысады деп сенемін.

03_04_1

03_04_2

03_04_3

03_04_4

03_04_5

Тілдер кафедрасының оқытушысы

полиция майоры Кинжебаева Л.