Академияда халықаралық ғылыми-тәжірибиелік конференция басталды

2016 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және оқу орнының  45 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл: нәтижесі және келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды.

23_01_1

Конференцияға шетелдің жоғары оқу орындарынан (Түркия ұлттық полиция академиясы), Ресей ЖОФҚ және ІІМ жоғары оқу орындарынан: ҒЗИ, Ресей ЖОФҚ Академиясы, Вологда құқық және экономика институты, Воронеж институты, Самара заң институты, Киров қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты, Ресей ІІМ Москва университеті, К.Г. Разумовский атындағы технология және басқарма Мәскеу мемлекеттік университеті, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы ұлттық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Академиясы, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университеті (Москва қ.), Ресей мемлекеттік әлеуметтік университетінің Минск филиалы, Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті, Уральск мемлекеттік заң университеті (Екатеринбург қ.), Челябі мемлекеттік педагогикалық университеті, Магнитогорск мемлекеттік техникалық университеті, Челябі мемлекеттік университеті, сонымен қатар соның ішінде қазақстандық жоғары оқу орындары мен ұйымдары – Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академия, М. Букенбаев атындағы ҚР ІІМ Ақтөбе заң институты, Астана қ., Қостанай қ. ҚР ІІМ оқу орталығы, «Туран» университеті, Қостанай облысының ТЖ департаменті, ҚР ІІМ ТЖК, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Қостанай филиалының Челябі мемлекеттік университетінен барлығы 110 ғылыми баяндамалар оқылып жатыр.

23_01_2

Аталмыш конференцияның ашылу салтанатында ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларды оқу орнының құрылғанына 45 жылдық мерейтоймен  құттықтап, ғылыми жұмыстарына сәттілік тіледі.

23_01_3

Академия бастығының құттықтау сөзінен кейін конференцияға қатысушы қонақтар жүрек жарды лебіздерін білдірді.

23_01_4

Конференцияға ұсынылған ғылыми баяндамалар конференцияның барлық секцияларында талқыланады.

23_01_5

Конференция қорытындысы бойынша заңнама деңгейінде, ғылымда және құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметінде қолданылатын ұсыным қабылданады.

23_01_6

Жалпы концернция туралы толықтай ақпаратты конференция біткен соң сайтмызда толықтай жариялайтын боламыз.

23_01_7

23_01_8

23_01_9

23_01_10

23_01_11

23_01_13

23_01_14

23_01_15

23_01_16

23_01_17

23_01_17

23_01_18

23_01_19