«Білім — инемен құдық қазғандай» 31.05.2016 2016 жылғы 27 мамыр күні ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы КОФ 2 курс курсантары арасында қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының курсанттар ғылыми-зерттеу жұмысының 2015-2016 оқу жылы жоспарына сәйкес, ҚР қылмыстық және қылмыстық-атқару құқығы пәндері бойынша «Алғырлар» викторинасы өткізілді. Сайыс 3 кезеңнен тұрды: 1. Сұрақ-жауап кезеңі — Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару құқығы бойынша теориялық сипаттағы тесттік сұрақтарынан құрылды; 2. Құқықтық біліктілік дағдысы — Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы бойынша тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар болды; 3. Әділқазылар алқасы тарапынан қылмыстық және қылмыстық-атқару құқығы пәндері бойынша жалпылама сұрақтар қоюдан тұрды. Викторинаның қорытындысы бойынша келесі орындар анықталды: 1 орын — 203 оқу тобы; 2 орын — 204 оқу тобы; 3 орын — 201 оқу тобы. Әділқазылар алқасы жүлделі орын алғандарды құттықтап, марапаттады. Барлық қатысушыларға алғыстарын білдіріп, білім алу үрдісіне сәттілік тіледі. ҚҚАҚжК кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Р. Калиярова