Олжас Сүлейменовтың 80-жылдығына арналған кеш

«Мен әрқашан айтып келемін

ұлт күші арсеналда емес,

ұлт күші – кітапханаларда».

О. Сүлейменов

2016 жылдың 25 мамыр күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының кітапханасында қазіргі заманның ұлы ақыны, публицист, кинодраматург, зерттеуші- ғалым, қажырлы қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Олжас Сүлейменовтің 80 жылдық мерейтойына арналған ақындық әдеби кеш ұйымдастырылды.

25_03_1

Мақсаты: курсанттарға патриоттық тәрбие беру, ақын шығармаларын құрылымдық, көркемдік жағынан талдауға дағдыландыру.

Олжас Омарұлы Сүлейменов – 1936 жылдың 18 мамырында Алматы қаласында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің Геология факультетін тәмамдаған. Олжас Сүлейменовтың кітаптары ағылшын, француз, неміс, испан, чех, поляк, болгар, венгер, моңғол және түрік тілдеріне аударылған.

25_03_2

Шара барысында кітапхана меңгерушісі Амирова Сауле Иманкуловна және курсанттар сахнаға шығып О.О.Сүлейменовтің өмірі және шығармашылығы туралы қысқаша ақпарат беріп, өлеңдерін оқыды.

25_03_3

Оның  шығармаларындағы өз халқына деген махаббаты, оның басқа халықтардың қатарында  қандай талантты, ақылды күшті ел ретінде баяндалғанын әңгімесіне арқау етті.

25_03_4

О.О.Сүлейменов өз шығармаларына   қазақ халқының басынан өткерген түрлі кезеңдерін, қайғы-қуанышын жазды. Халқымен бірге  қуанып, бірге қайғырды, елімен мақтанды. Ақын ядролық апатқа қарсы «Семей-Невада» қозғалысын құрып, Семей полигонының жабылуына зор үлес қосқанын жеткізді.

25_03_5

Ақындық кешті өткізуге белсенді қатысқан курсанттар: Асимакун Н., Ахметов С, Бөлеген А., Ильясов Р., Шәкімбаев А.,
Муканова С., Касымхан И., Кустанов К., Сагадатов Е., Хасенова Л., Ержанқызы С., Шералы Е., Советов Б.

25_03_6

Ақындық кеш Олжас Сүлейменов туралы бейнеролик көрсетілімімен жалғасып, кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге жасалған библиографиялық шолумен қорытындыланды.

 

Кітапхана қызметкерлері

 

Ерік Әкімжанов

105 оқу тобының жетекшісі

полиция майоры

 

Сауле Игликова

107 оқу тобының жетекшісі

полиция майоры

 

Сауле Байгабулова

111, 112 оқу тобының жетекшісі

полиция майоры

 

Әсел Ақылбекова

201 оқу тобының жетекшісі

полиция капитаны