Болашақ біздің қолымызда

Елбасының «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында жастар мәселесіне көп көңіл аударылған. Жастар – біздің еліміздің болашағы. «Қазақстан-2050» стратегиясында белгіленген жаңа саяси бағытта жастардың білім алуына және өздерін көрсете білуіне жағдай жасау көзделген, мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың барлық күш жігері жас буынның мүдделі қатысуынсыз болмайтын Қазақстандық патриотизімді, Қазақстан Тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған.

20_02_1

ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында жастардың қатысуымен түрлі іс-шаралар жүргізіліп жатыр. 2016 жылғы 18 мамырда ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының апталығы аясында «Жастар – Қазақстанның болашағы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Осы іс-шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының құрылғанына 45 жыл толуына арналды. Дөңгелек үстелді өткізуге кафедра оқытушылары және күндізгі оқыту факультетінің «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын 1-3 курс курсанттары атсалысты.

20_02_2

Тақырыпты талдау баяндама, презентация түрінде мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілді. Белсенділік танытқан барлық курсанттар дипломдармен марапатталды.

20_02_3

Осы сипаттағы іс-шаралар Қазақстанның болашағына деген жастардың сенімін нығайтады, елдің болашағы жастардың қолында екендігін байқатады.

20_02_4

Нәтижесінде курсанттар осындай іс-шаралардың танымдық және тәрбиелік мәнін терең түсініп, елімізде болып жатқан оң өзгерістермен, экономиқалық және әлеуметтік дамудың қарқынымен танысады. Сонымен қатар олардың патриоттық сезімдері нығайып, отан алдындағы жауапкершіліктері және қоғамдық өмірдегі қызығушылықтары мен белсенділігі артады.

20_02_5

 

Ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының оқытушысы полиция капитаны А. Примкулова