Наурыз мерекесіне арналған іс шара

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында төл мерекеміз Ұлы Наурыз мейрамына орай 1 курс курсанттарының ұйымдастыруымен концерт өтті.

Концертте мерекелік өлеңдер оқылып, әндер айтылды, курсанттардың орындауындағы қазақи нақыштағы билер қойылып, түрлі көріністер мен сахыналық қойылымдар сомдалды. Көрермендердің басым көпшілігі 1 курс курсанттары,  олар концерттін ұнағандығын сондай қол шапалақ қошеметтерін аямады. Өткізілген концертке көрермендер жоғары деңгейдегі бағасын беріп, әдемі көңіл-күйде тарқасты.

Бұл іс-шараның негізгі басты мақсаты – сонау ғасырлардан ата-бабаларымыз тойлап келе жатқан төл мерекеміз Ұлы наурыз мейрамымызды ұмыт қылдырмай курсанттарымыздың санасына құйып насихаттау болып табылады.

 


 

1 курс курсанты
полиция қатарыңдағы
Тұрсынбай Думанжан