Алғыс күні алғысымызды айтайық
(Поблагодарим в День благодарности)

1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасында Қазақстан халқының Ассамблеясы құрылған болатын, ал 2015 жылы Ассамблеяның жиырма жылдығын тойлау қарсаңында Елбасымыз 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялауды ұсынып, осы күні еліміздің халқы бір-біріне және жер аудару кезіндегі көрсеткен көмегі, шыдамдылығы, қонақжайлылығы үшін қазақ халқына ризашылығын білдіруіне мүмкіндік туатынын айтқан болатын.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін барлық этностардың бір-біріне және осы адамдарды өздерінің туысы ретінде қабылдап, қамқорлық танытқан қазақ халқына Алғыс айту күні етіп жариялау әділ болар еді. Осы күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген қайырымдылығының, достығы мен махабатының айшықты мерекесі болатынына сенімдімін», — деп Елбасы өзінің пікірін білдірген болатын.

Осының негізінде Қазақстан Республикасы Президенті 2016 жылғы 14 қаңтарда «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.

1 наурыз – Алғыс айту күнін тойлау және мемлекетіміздің Егемендігінің 25 жылдығы қарсаңында ҚР Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының КОФ 3 курс курсанттары 2016 жылғы 1 наурызда «Қостанай облысының Азаматтық альянсы – ГрИн» Қоғамдық қорының төрайымы Утебаева Динара Қайырбекқызымен кездесті. Динара Қайырбекқызы кездесу барысында Алғыс айту күнінің біздің еліміз үшін тарихи мән-маңызын, осы мереке қарсаңында өткізіліп жатқан ісшаралар жайында айтты. Сонымен қатар Динара Қайырбекқызы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жалпыреспубликалық акция өтіп, «Мәңгілік ел» үгіт-насихат пойызы алғашқы рет еліміздің қалаларына Елбасының «Мәңгілік ел»  идеясын ел ішінде насихаттау, елдік мақсаттарды, ұлттық құндылықтарымызды  дәріптеу және «Нақты 100 қадам» Ұлттық жоспарын азаматтарға түсіндіру үшін барғандығын, осы үгіт-насихат жұмыстарына өзінің қатысқандығын айтып, бейнетаспа көрсетті.

«Қостанай облысының Азаматтық альянсы – ГрИн» Қоғамдық қорының жастар лидерлері Алексанин Владимир мен Салыкова Гүлшат өз өнерлерін көрсетіп, курсанттардың көңілдерін көтерді. Курсанттар өнерлі жастардың шеберлігіне тәнті болып, ду қол шапалақтап отырды.

Кездесу соңында Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Қаппасов Ербол Төлегенұлы кездесу қонақтарына курсанттардың патриоттық сезімін арттыруға тигізген үлесі үшін алғысын білдірді.

 

КОФ 3 курс кураторлары

Бухметова Жанар
Пьянников Владимир
Тимошенко Александра
Суйеубаева Замзагуль
Калиярова Рима

 


1 марта 1995 года в Республике Казахстан была учреждена Ассамблея народа Казахстана, и в 2015 году в рамках празднования двадцатилетия Ассамблеи Глава государства предложил объявить этот день Днем благодарности, когда народы страны могут поблагодарить друг друга и казахскую нацию, в первую очередь, за терпимость и гостеприимство в те годы, когда многие народы были депортированы в нашу страну.

«Было бы справедливым день образования Ассамблеи народа Казахстана отмечать как День благодарности всех этносов друг к другу и к казахам, проявившим милосердие, принявшим этих людей, как родных. Этот день может стать ярким праздником милосердия, дружбы, любви всех казахстанцев друг к другу», – сказал тогда Глава государства.

Соответствующий Указ «О внесении изменения и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 20 января 1998 года № 3827 «О профессиональных и иных праздниках в Республике Казахстан» был подписан Президентом 14 января 2016 года.

В рамках празднования Дня благодарности Республики Казахстан, а также в канун 25-летия независимости нашего государства для курсантов 3 курса ФОО 1 марта 2016 года была организована встреча с Председателем Общественного фонда «Гражданский альянс Костанайской области – ГрИн» Утебаевой Динарой Каирбековной, которая рассказала ребятам о значении и исторической необходимости этого праздника в нашей стране, о мероприятиях, которые проходят в связи с празднованием Дня благодарности в нашей области и Республике в целом. Также, Гульнарой Каирбековной  была доведена информация о том, что в Казахстане впервые проводится общереспубликанская Акция «Поезд Мәңгілік Ел», который посвящает свое путешествие по городам страны 25-летию независимости Казахстана, оказывая населению на местах медицинскую, социальную, юридическую помощь, параллельно разъясняя гражданам План нации «100 конкретных шагов», идею «Мәңгілік Ел» и продемонстрированы видеоролики на данную тематику.

Молодежные лидеры Общественного фонда «Гражданский альянс Костанайской области – ГрИн» Алексанин Владимир и Салыкова Гульшат подняли настроение нашим курсантам прекрасным концертом. Курсанты получили массу положительных эмоций, встречая исполнителей продолжительными аплодисментами.

В конце встречи Заместитель начальника Академии полковник полиции Каппасов Ербол Тулегенович тепло поблагодарил гостей за прекрасный вечер.

 

Кураторы 3 курса:

Бухметова Жанар
Пьянников Владимир
Тимошенко Александра
Суйеубаева Замзагуль
Калиярова Рима