«Ғалымдар» мен «Арыстан» финалға шықты.

Үстіміздегі жылдың 18 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының құрылғанына 45 жыл толуына арналған спартакиада өтуде. Спартакиаданың алғашқы кезеңі волейболдан жарыс ойынымен ашылды. Волейболдан жарысқа оқу орнымыздың қызметкерлері қатарынан он команда құрылған болатын. Міне, осы командалардан оқ бойы озып, ақтық сайысқа магистратураның жеке құрамынан құрылған «Ғалымдар» командасы мен Академияның басшылары мен бөлініс қызметкерлерінен құрылған  «Арыстан» тобы шықты.

Финалдық ойын өте қызу тартыспен өтті, қатысушылар нағыз спортшылардан кем түспеді десек те болады, «Ғалымдар» тобының капитаны Лев Хонның соққан добы қарсылас команданы тұралатып тастады, ал ойыншылар Әлия Исергепова, Рамазан Аужанов, Қаныбек Бейсен «Арыстан» тобының соққан добын ұршықша иіріп өздеріне қарсыласа соғумен болды. Қарсылас «Арыстан» командасы да намысты қолдан бермеуге тырысты. «Арыстан» командасының белді ойыншылары Ербол Төлегенұлы, Ахан Жақыпбекұлы, Қайрат Жаукенұлы сынды ойыншылар доптың хас шеберлері екенін дәлелдеді.

Осы кезде екі команданың жанкүйерлері де қарап қалмады, әр соққан допты ду шапалақпен, плакаттарымен, хошеметпен қарсы алып, командаларға рух беріп отырды.

Қызу ойынның бірінші кезеңі 25:19 есебімен, екінші кезеңі 25:23, үшінші кезеңі 26:24 есебімен 2 ұпай айырмашылығымен «Арыстан» командасы жеңіске жетті. Жеңілістің артында жеңіс бар, алда әлі тапаншамен атудан сайысы мен теннис, дойбыдан сайыстар күтіп тұр.

Командаларға жеңістің тұғырынан көріне беріңіздер, Академиямыз жасасын дегім келеді!

 

 

Гүлизат Едресова
магистратура аға оқытушы-әдіскері
полиция майоры.