«Ядролық қарусыз әлем» атты дөңгелек үстел

2016 жылдың қараша айының 29 жұлдызында «Педагогика және психология» кафедрасымен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Президентінің әлемдік тарихтағы теңдесі жоқ шешіміне – ядролық қарудан бас тартуына және Семей ядролық полигонының жабылуына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс – шараға академияның  «Педагогика және психология» мамандығы бойынша Күндізгі оқыту факультетінің 1,3,4 курс курсанттары қатысты. Дөңгелек үстелімізде еліміздегі өзекті Семей полигоны, оның зардаптары жайлы мәселелер талқыланды. Тақырыпты ауқымды талқылау мақсатында оқытушылармен дайындалған бейнебаяндар көрсетіліп, халықтың бейбіт өмірі мен жарқын болашағы үшін өздерінің үлестерін қосқан ел ағалары жайлы ақпараттар берілді.

30_03_1 30_03_2 30_03_3

Педагогика және психология

кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры  Абдыкалыков Б.Т.