Жетім көрсең жебей жүр!

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының КОФ 4 курс 42 топ курсанттары  куратормен бірге жоспарлы түрде 2015 жылдың 23 желтоқсан күні «Дельфин» Қостанай сәбилер үйіне бардық. Курсанттар атынан сәбилерге арнайы сыйлықтар алып, оларды бір сәттік үлкен қуанышқа бөледі. Сәбилермен кездесу іс-шарасы барысында балалар үйінің тәрбиешілері мен бірге кішігірім ойын сауық ұйымдастырылды.  «Дельфин» Қостанай сәбилер үйінде бір жастан үш жасқа дейінгі сәбилер мемлекет қамқорлығына алынған. Курсанттар ерекше аяушылық сезіммен жүректеріне балаға деген махаббаттары күшейіп, сәбилердің болашағы жарқын болуына тілек білдірді. Жетімін жылатпаған қазақпыз, әр сәбидің көздерінен таза кіршіксіз көңіл айқын байқалады.  Бұл өмірде ананың ақ сүті мен мейіріміне жететін не бар? Оның мейірлене айтқан «Айналайын, құлыным, ботам, балапаным» деген жылы сөзі жаныңды ерекше сезімге бөлеп, бар бақытты сыйлайды емеспе?!  Сәбилерге аянышты көңілмен қараған курсанттар мүмкіншілігі болса болашақта балалар үйінен  сәби асырап алғысы келетіндерін жасырып қала алмады.

«Дельфин» Қостанай сәбилер үйінің ұжымы өткізілген іс-шараға өз ризашылығын білдірді. Алдағы уақытта да сәбилер үйінің ұжымы осындай мағыналы және жанға шуақ сыйлайтын іс-шараларды өткізіп тұруларына болатынын айтып, шын көңілмен алғыс айтты. Қазақ ертеден «Жетім көрсең жебей жүр» деген ұлағатты терең бойына сіңіріп өскен халық.  Дана халқымыз «Балалы үй — базар, баласыз үй қу мазар» деп, баланың көптеп дүниеге келуін тілеп, ұрпағының көбейіп, шаңырағының кеңейгенін жақсылыққа балаған. Шындығында да солай, әр үйдің қуанышын молайтып, ата-ананы бақытқа бөлеп, былдырлаған тілімен, сыңғырлаған күлкісімен үйдің сәнін кіргізіп, тәп-тәтті қылығымен қандай мұңды да жеңілдетіп, көңіліңді көтеретін жас сәбидің бал үніне жететін бақыт жоқ шығар?! Атам қазақ ешқашан жетімін тентіретпей, көрінгеннің қолшоқпарына айналдыруға ешқашан жол бермеген. Қазақтың қуанышы көп болып, көзіне жас алған жетімдері жоқ болсын!!!

 

42 топ кураторы және курсанттары