«Ақыл – ойдың талабы»

Қазақ халқының ұлы ағартушы, саяхатшы және ғалымы Шоқан Уәлихановтың туғанына биыл 180 жыл болды.

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының кітапхана қызметкерлері ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы – географ, сонымен қатар XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлихановтың 180 жыл толуына арнап, қызметкерлерге және күндізгі оқыту факультетінің 1 — 4 курс тыңдаушыларына «Ақыл – ойдың алыбы» атты кітаптар көрмесін ұйымдастырды.

Бұл іс-шараның мақсаты Ш.Уәлихановтың қысқа да жарқын өмірі,  философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. саладағы ғылыми зерттеулері мен рухани ізденістері туралы мағлұмат беру. Сондай-ақ, Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектерінің қатарында Қазақ хандығына байланысты тарихи деректер де мол.

Кітапхана қызметкерлері газет, журнал, оқулықтардан жинақталған бай құжаттармен тыңдаушыларды таныстыра отырып, олардың жан-жақты қойылған танымдық сұрақтарына жауап берді.

 

 

Баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы