Мұражай

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында отансүйгіштікке және адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында 111, 112 оқу топтарымен, психологиялық жұмыс орталығының оқытушы-әдіскері полиция капитаны С.О. Байгабулова және тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлері  бірігіп,  Академия мұражайына  экскурсия ұйымдастырды.

Экскурсия өткізу барысында, тыңдаушыларға  мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ ҚСР Ішкі істер министрі, генерал-лейтенант  (ІІ рангілі ішкі қызмет генерал-лейтенанты), ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаевтың өмірі және Академияның  даму жолында өз үлесін қосқан,  Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің  еңбек сіңірген қызметкері,  халықаралық ақпараттану Академиясының академигі, құқықтану доценті, ішкі қызмет генерал-майоры Талап Қабденұлы Кабденовтың өмірі мен қызметі туралы таныстыру жұмысы өткізілді.

Академия мұражайында 70-ші жылдардан бастап жинақталған тарихи құжаттар және Академияның даму тарихы туралы ақпараттар, Ардагерлер кеңесінің және құрметті қонақтардың, әсіресе Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Академияға келіп, профессорлық-оқытушылық құрамының жұмысына жоғары баға бергені туралы   фотосуреттер, құрметті қонақтарға арналған естелік кітабы мен Академияның Алтын кітабы, Академияның ғылыми-зерттеу жұмысы туралы таныстыру жұмысы өткізілді.

Тыңдаушылар іс-шараның соңында, Академияның даму тарихына, халықаралық ынтымақтастығына қызығушылық танытты.

 

Сауле Байгабулова
111, 112 оқу таптардың кураторы
полиция капитаны