«Тарихтан тағылым — өткенге тағзым» атты ұранмен ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы мұражайында 108 оқу тобының тыңдаушыларымен экскурсия өткізілді.

2015 жылдың 31 қазанында адамгершілік, отансүйгіштік тәрбие беру мақсатында, болашақ ұрпақтың адамгершілік, тәрбиелік құндылықтарын  қалыптастыру үшін, 108 тобының тыңдаушыларымен ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының мұражайында экскурсия ұйымдастырылып өткізілді.

Академияның мұражайында экскурсия өткізу барысында академияның өткен тарихымен, оқу ордасының басшыларымен, елбасының академияға жазып кеткен тілегі мен естелікке қалдырған қалымы, және де Қабденов Талап Қабденұлы сияқты ұлы тұлғаларының өмірі және атқарған қызметі туралы таныстырылды.

Сонымен қатар, Қостанай академиясы зор мақтанышпен есімін алып жүрген,  академия мұражайында басты орын алатын Шырақбек Қабылбаевтың өмірі, істеген қызметі, тіпті таққан погоны мен өзі ұстаған домбырасы көрсетіліп таныстырылды.

Осындай үлкен қызмет атқарған, ел ағалары болған адал тәртіпті, өзіне және қарамағындағыларға талап қоя алған, әділ де қамқор басшы ретінде ұлы тұлғаларды академияның болашақ офицерлері, яғни тыңдаушылар құрметпен, мақтанышпен үлгі тұтып мәңгі есте сақтайды.

 

Назгүл Турсумбаева
Педагогика және психология
кафедрасының оқытушысы
полиция лейтенанты
108 оқу тобының кураторы