ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығы және Ардагерлер кеңесі  Академияның арнайы мемлекеттік мұрағатының меңгерушісі Багиткуль Дарушканқызы Султанованы 60 жасқа толу мерейтойымен  құттықтайды!
Қадірлі Багиткуль Дарушканқызы! Осындай мерейлі күні Сізге зор денсаулық, отбасыңызға береке-бірлік, ырыс-ынтымақ,  бақыт пен табыс, шат күлкі мен махаббат, мейірім мен қамқорлық тілейміз! Жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!

Ұл-қызыңыз – ол Сіздің қос қанатыңыз,
Аналық таусылмасын тағатыңыз.
Жарыстан өмір деген озып келсін,
Бәйгенің тұлпарындай жаратыңыз!

 Алтын күз жыл айналып келе берсін,
Бейбіт күн, жақсылығы ере келсін!
Багиткуль Дарушканқызы, өзіңізге
Бақытын әр жасыңыз бере берсін!

Баспасөз қызметі