Қол ұшын созу — біздің басты мақсатымыз

Қостанай академиясының басшылығы, профессорлық-оқытушылық құрамы және қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бастамасын қолдап, Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында орын алған жарылысқа бір адамдай жұмыла көмек беруді ұйғарды. Қолдау көрсету мақсатында Академияның барлық жеке құрамы бір күндік еңбек ақыларын зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету қорына аударатын болды.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, басына түскен қиындықты бірге бөлісіп, бір нанды бөліп жеген қазақ елінің осындай бауырмалдығы мен бірлігі халқымыздың басты қазынасы болып табылады. Арыс қаласы тұрғындарының отбасыларына шыдамдылық пен төзімділік тілейміз. Сіздерге осы қиын уақытта қол ұшын созып, көмек беруге әрқашан да дайынбыз!

                                                                                                                ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы
Қостанай академиясы