Ұстаз

Алғаш рет өмірлік таным берген,
Жүрекке от,  кеудеге жалын берген.
Ұстаз деген бір алып есім ғой ол,
Шәкірт үшін талай жылмен айын берген.

Еңбегіңіз санамда сарқылмаған,
Жүзі кетпес алмастай жарқылдаған.
Сен кеудеме сіңірген өжеттікпен,
Ешқашан мен көп ортада тартынбағам.

Балалық шақ жатталып санамызда,
Естеліктер көп қалған арамызда.
Біз мектепті бітіріп кеткенменен,
Шексіз құрмет, сол екінші анамызға.

Полиция қатарындағы
4-курс курсанты
Құдайберген Нышанбай