Үздік учаскелік полиция инспекторымен кездесу

 2020 жылдың мамыр  айының 22 күні 301-оқу тобының курсанттарымен «ІІО әкімшілік қызмет пәні бойынша», кезекті тәжірибелік  сабақ өткізілген болатын. Тәжірибелік сабаққа Нұрсұлтан қаласының, Сарыарқа аудандық полиция басқармасының ЖПҚ УПИ полиция аға лейтенанты Еркетай Құанышпекұлы Молдашев  қатыстырылды:
Кездесудің мақсаты – болашақ полиция қызметкерлеріне ішкі істер органдарында қызметтік тәжірибесі бар полиция қызметкерлерімен ой бөлісу, қызметте болатын оқиғалар жөнінде сұхбаттасу. Тәжірибелік қызметкер сабақ барысында білім алушыларға ішкі істер органдарындағы қызметтің мән-жайын айтып, полиция қызметкеріне тән міндеттерді, қызмет барысында ұстанатын негізгі қағидаттарды жеткізді. Жалпы өз қызметіндегі  болған оқиғаларды  қызықтап курсанттарға табыс етті. Тәжірибеде жиі кездесетін заңсыз әрекеттердің түрлерін  және онымен күресетін негізгі бағыттарды жария етті. Полиция қызметкерлерінің басты міндеті: зандылықтың сақталуын қадағалау, қылмыстың алдын алу, болдырмау, азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын қамтамасыз ету. Тәртіп үшін заңнан мәртебелі ештене жоқ. Сондықтан, әр тәртіп сақшысының бойынан адалдық пен кәсібилік болуы тиіс. Кездесу соңында тәжірибелік қызметкер курсанттарға оқу барысында сәттілік, мықты денсаулық тіледі.

ІІО әкімшілік қызмет
кафедрасының
аға оқытушысы
полиция майоры
Д.Қалқаманұлы