Құрметті әріптестер!

Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Елордамыз — Нұр-Сұлтан қаласы — мәңгілік достықтың символы, жаңа қала, шырайлы шаһар. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың астананы көшіру туралы бірегей шешімі халқымыз үшін тарихи оқиға болды. Бүгінгі таңда Еуразия кіндігінде ірі саяси, әлеуметтік-экономикалық, халықаралық қатынастарда, мемлекетіміздің гүлденуі жолында бағыт-бағдар, жоба, пікір алмасып, шешімдер қабылдайтын, мемлекет елшілерімен бас қосатын орталыққа айналды. Елордамыз-Нұр-Сұлтан қаласы бұл дүниежүзіне мәшһүр сәулет туындысының әсемдігімен, зәулім көркімен әлемдегі жұртшылыққа тәнті болып, көзінің жауын алып, ыстық лебізімен қарсы алады. Елорда — киелі тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздің жүрегі болып табылады.
Осы орайда, Сіздерге бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қажымас қайрат, жемісті еңбек, шаттық пен қуаныш, құт-береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз баянды болғай!