Құрметті мұсылман бауырлар, қымбатты отандастар!

Барлықтарыңызды қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын!  Қасиетті жұма күнімен қатар келген қасиетті Рамазан айы құтты болсын! Жүздеріңіздегі нұр, жүректеріңіздегі имандылық арта түссін. Әр отбасына амандық, береке, баянды бақыт, татулық пен бірлік тілеймін.
Еліміз көркейіп, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болсын!