Қымбатты ханымдар, аяулы арулар!

Сіздерді академияның ер-азаматтары атынан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазіргі кезде әйелдер қауымы – аяулы ана, сүйікті жар, кәсіби маман және жауапты лауазым иесі. Бүгінде академия қызметкерлерінің жартысына жуығын жұлдызды арулар құрайды. Бұл оқу ордасының тұрақты дамуына оң ықпал етуде. Себебі әйел затына ежелден еңбекқорлық пен жауаптылық, іскерлік пен тиянақтылық секілді қымбат қасиеттер тән. Сіздер өздеріңіздің осындай қабілеттеріңізбен сенім сыйлап, бізді жігерлендіресіздер.
Асыл аналар, қадірлі әріптестер! Сіздерді көктемнің жылы шуағымен қатар келетін мерекелеріңізбен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, баянды бақыт және қиындығы мен қызығы бірге жүретін қызметтеріңізде табыс тілеймін!
Әрқашан өздеріңізге жақын адамдардың мейірімін сезініп, мерекелік көңіл-күйге бөлене беріңіздер!

Құрметпен,
Академия бастығы Н. Биекенов