Қуанышты жаңалықпен бөлісуге асықпыз!

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының  алаңында жеке құрам, профессорлық-оқытушылық құрам, кәсіби даярлық факультетінің курсанттары мен алғашқы кәсіптік даярлық тыңдаушылары  бір адамдай сап түзеп тұрды.  Бүгін, аптаның бірінші күнінде  Академия бастығы полиция полковнигі Н.Биекенов  Халқымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу қарсаңында ЖОО және колледж студенттерінің арасында аймақтық «Абай оқулары» байқауына қатысқан курсанттарды құттықтады.