Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерінің қатысуымен сабақтар өткізілді

2020 жылдың 12 ақпанында ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушылары «Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ Қостанай инспекциясы бөлімінің бастығы Даут Жүзбайұлы Тажибаевпен бірлесіп орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мамандандырылған және табиғатты қорғау ұйымдарының аумақтық бөлімшелері инспекторларының біліктілігін арттыру курстарында практикалық сабақ өткізді.
Сабақ барысында табиғат қорғау ұйымдары инспекторларының құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу барысында дене күшін, арнайы құралдарды, қызметтік қаруды, сондай-ақ браконьерлерге қатысты әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдану мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, табиғат қорғау ұйымдары инспекторларының полиция қызметкерлерімен экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесу, ашу және тергеу барысында өзара іс-қимыл жасау ерекшеліктері қаралды.

ІІО ӘҚ кафедрасының бастығы
полиция подполковнигі
А.Смышляев