Қайырымдылық – асыл қасиет

Қайырымдылық – адамның бойындағы асы қасиеттерінің бірі. Адамның айналасындағы адамдарға ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылықтың ең абзалы – мұқтаж жандардың қажетін өтеу. Сондықтан да əрбір адам қайырымдылық жасап, бар ықыласымен мұқтаж жандарға көмек көрсету дұрыстың дұрысы.
Адамның асыл қасиеттерінің қадірлісі қайырымдылық болса, ал оны жасау қамқорлыққа зәру жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қолынан келгенше көмектесіп, үлесін қосу адамның адаматтық парызы. Әрине, қамқорлық жасау, өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж, көңілі жарым жандарға қол ұшын беру жомарттықтың белгісі.
Елбасы өзінің соңғы Жолдауында көп балалы аналарға аса назар аударды. Сонымен қатар, Үкімет тарапынан да біршама осы аналарды қолдау мақсатында біршама іс-шаралар атқарылып жатыр. Осы мақсатта, игі іс-шараны қолдау мақсатында, ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ғылыми және педагогикалық магистратурасының 1 курс магистранттары мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, көмек көрсетті.

Магистратура