Ғылым қызметкерлері күні

12 сәуір – Қазақстан Республикасының ғылым қызметкерлері күні. Осыған байланысты Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер бүгінгі таңда ғылымның дамуына үлес қосып, қажырлы еңбек етіп жатырсыздар.
Құрметті ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттары мен курсанттары, осы кәсіби мерекемен құттықтай келе, Сіздерге сарқылмас зерттеушілік ізденістер, ғылым жолында тың бастамалар,  еліміздің қарқындап дамуына негіз қалайтын жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!