ІІО қызметіндегі анықтау пәнінен онлайн сабақ

2021 жылдың 15 ақпаны күні қылмыстық процесс және  криминалистика кафедрасында «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша оқитын 3-курстың 303-взвод курсанттарымен Қостанай облысы Полиция департаментінің Анықтау басқармасының анықтаушысы полиция капитаны Базикенов Нұрлан Пархадұлының қатысуымен  онлайн сабақ өтті. Тәжірибе қызметкері өзінің қызметі, міндеттері және біздің Академияны 2014 жылы аяқтаған түлек екендігі туралы айтты. Жалпы тергеу әрекеттерінің түрлері, жүргізу қағидалары, тәртібі бойынша мәліметтермен бөлісті. «Анықтау нысанында жүргізетін тергеу әрекеттердің актілері» тақырыбы бойынша курсанттар өздері қызығушылық танытқан сұрақтарын қойды және оларға толық, жан-жақты жауап алды,  аталған тақырыпта әңгіме сұхбат өтті. Кездесудің аяғында Нұрлан Пархадұлы курсанттарға кәсіби кеңестер беріп, академияны жақсы аяқтауды тіледі.

ҚПжК кафедрасының оқытушысы
полиция  майоры
Ж.К. Нурмаганбетова