ІІО-НЫҢ ТӘЖІРБИЕЛІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНЕ ТАРТУ

Жоғары оқу орындарын қашықтықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтықтан жүргізуге ауыстыру – әлемді жайлап келе жатқан коронавирус індетінің таралуын тежеу үшін қабылданған нақты қадамдардың бірі екені шындық.
Осы орайда, Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған жол картасы аясында ІІМ-нің тиісті пулына енгізілген ІІО тәжірибелік қызметкерлерін оқыту процесіне тарту туралы нұсқауына сәйкес, ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында, төтенше жағдай режимі кезеңінде оқыту процесі барысында  қашықтықтан білім беру құралдары арқылы, ішкі істер органдарының тәжірбиелі қызметкерлер курсанттарға өз тәжірбиелерімен  бөлісу үшін тартылды.

Ағымдағы жылдың сәуір айында кәсіби даярлық факультетінің 3- курс курсанттарына ІІО әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының  профессорлық-оқытушылық құрам сабақ үрдісіне тәжірбиелік қызметкерлерді тарта отырып, онлайн режимде дәріс сабақтарын өткізді. Қашықтықтан сабақ өткізуге онлайн форматында Батыс Қазақстан облысы ҚАЖД пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы әділет майоры Л.К. Ахметкалиева, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД-нің Ақтөбе қаласы бойынша Астана ауданының пробация қызметінің бастығы әділет майоры А.Т. Төлегенов және Қостанай облысы бойынша ҚАЖД-нің пробация қызметін басқару бөлімінің бас маманы әділет майоры Е.Е.Тумурзин қатысты.
Сонымен қатар, кәсіби — психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасының профессорлық – оқытушылық құрамы оқу процесі барысында  Қазақстан практикалық психологтар қауымдастығының мүшесі, жеке практик- психолог И.Куликованы және Ұлттық превентивті механизм мүшесі, жеке практик-психолог Л.Должикованың қатысуымен онлайн форматында дәріс сабақтарын өткізді.
Қазіргі коронавирус пандемиясына байланысты еліміздегі төтенше жағдай кезеңінде сабақ процесінен ешкім қалып қоймауы керек. Тиісінше, көптеген жоғарғы оқу орындары білім берудің альтернативті әдісі қашықтықтан білім беру құралдары арқылы онлайн форматында оқытуға көшті. Сөйтіп, көптеген  мобильді мессенждер бағдарламаның көмегімен сабақты өткізу кезеңінде тәжірбиелік қызметкерлерді қашықтықтан оқыту процесіне онлайн форматында тарту заман талабы екенін айқын көруге болады.

Оқу әдістемелік орталығының
оқытушы әдіскері полиция капитаны
Қ.Мырзахмет