Тарихқа шолу

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастапқы арнайы кәсіби даярлық курсының білім алушыларына арналған әскери-қызметтік дайындық жоспарының тармақтарын орындау аясында 2019 жылдың 2 қарашасында Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаевтың өмір жолы бойынша білім алушыларға ақпарат берілді. Шырақбек Қабылбаев туралы бейнематериалдары мен фотосуреттер көрсетіліп, оның милиция қызметінің маңыздылығы мен осы мамандықтың дәрежесін көтерген тұлғалардың бірі екендігі айтылды. Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаевтың ел алдындағы қызметін және оның ішкі істер органдары саласындағы мемлекеттік және кадрлық саясатын жетілдіруге қосқан үлесін ескере отырып, есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында ІІМ Қостанай академиясына оның есімі берілгендігі баяндалды.

МҚП кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
С. Утегенова