Танымдық іс-шара өткізілді

 2020 жылдың 30 қаңтарында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жеке құрамы мен курсанттары «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ Қостанай облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі департаментінің бас маманы Боранбай Есмагамбетовпен және «Фемида+» Тұтынушылардың құқықтарын  қорғау қоғамдық бірлестігінің төрайымы Құралай Ахмединовамен кездесті. Кездесу барысында тұтынушылардың  құқықтарын қорғау заңнамасына, құқықтарына, мақсаттары мен міндеттеріне, талаптарына тоқталды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, білікті жауаптар алды.

 Баспасөз қызметі