Табиғат қорғаушыларының курсы аяқталды

Алғашқы рет Академия қабырғасына өткізіліп отырған «Қазақстан Республикасында браконьерлікке қарсы күрес бойынша шараларды заңнамалық қамтамасыз ету» тақырыбындағы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мамандандырылған және табиғатты қорғау ұйымының аумақтық бөліністерінің инспекторларының курсы аяқталды.
Тыңдаушыларға сертификаттарды Академия бастығы, заң ғылымдарының докторы, доцент полиция полковнигі Нұрлан Амангелдіұлы Биекенов тапсырды.

Тыңдаушылар, Академия басшылығына, профессорлық-оқытушы құрамға алған білімдері үшін алғыстарын білдіріп, еңбектеріне табыс, мол жетістіктер тіледі.

Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультеті