«Соғыссыз әлем!», «Әлемді сақта!» сурет байқауы

Академия қабырғасында Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған «Соғыссыз әлем!», «Әлемді сақта!» атауымен Академия қызметкерлерінің балалары арасында шығармашылық сурет байқауы өткізілді.

Бұл байқаудың мақсаты жас ұрпақтың бойында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктеріне деген ұлттық мақтаныш пен құрмет сезімін қалыптастыру, батырлық-патриоттық сезімге баулу, ұрпақтар байланысын жүзеге асыру, бейбіт өмірдің мәнін түсіндіру болып танылады.

Аталмыш байқауда сурет мазмұнының тақырыпқа сәйкестігіне, ақпараттылығына, сауаттылығына, шығармашылық тәсіліне назар аударылып,  үздіктер қатары анықталды.

1-орынды Ержан Алинұр Ерболатұлы,

2-орынды Ериков Карим Жанболатович,

3-орынды Туремуратов Канат Ерланович иеленді.

Байқау жеңімпаздары Арнайы Грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

ІСКБ инспекторы П.Жұмабек