«Рәміздер – елдіктің нышаны» атты тақырыптық көрме

1992 жылдың 4 маусымы – ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі сақталды. Бұл – мемлекетіміздің мызғымас бір бөлігі.
Аталған іс-шараға орай, Академия кітапханасының оқу залында «Рәміздер – елдіктің нышаны» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылып, шолу өткізілді.


Көрмеге Ата заңымыз, «Н.Ә.Назарбаев – Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы», В.А.Малиновскийдің «Лидер: Президентская власть в Казахстане на рубеже эпох», «Көркемсуретті Қазақстан тарихы», Е.Шаймерденовтің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері», «Государственные символы Республики Казахстан», «Республика Казахстан. Хроника 10 лет», Б.Г. Каирбековтің «Государственные символы Республики Казахстан», Ж.О . Артықбаевтың «Қазақстан тарихы», «Қазақтың ата заңдары» құжаттар, деректер және зерттеулер, сондай-ақ, мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы жайлы таныстыратын қазақ-орыс және ағылшын тілдеріндегі басылымдар, фотоальбомдар, материалдар, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар қойылды.
Мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы мен тарихын білу, қастерлеу –тәуелсіз еліміздің әрбір азаматының қасиетті борышы.

Библиограф Р. Нұрханова