«Рухани мұра»

Қазақ халқының рухани байлығынан ерекше орын алған тарихи мұраларды курсанттардың санасында жаңғырту және бағалай білуге бағыт беруге, сондай-ақ топты біріктіру мақсатында 1 курс курсанттарымен «Рухани мұра» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Аталған іс-шара бірнеше жаттығу орындаудан құралды, бірінші «Мен және менің елімнің байлығы» атты жаттығуда курсанттар ата-бабамыздан тарихи мұра ретінде қалған еліміздің рухани байлықтарына шолу жасады. Тренингтің келесі жаттығуында «Сөйлеу креативтілігі техникасы» қолданылды, яғни әліпбидің әрбір әрпін қолдана отырып, әр курсант қазақтың рухани мұраларын қолдана отырып, көркем әңгіме құрастырды.
Тренингтің ең қызықты жаттығуы «Елсіз мекен» деп аталды, бұл жаттығудың мақсаты улы өсімдіктер, жыртқыш аңдар арасында, өмір сүруге жағдай жасалмаған, мәдениеті, тарихы, тілі жоқ елді мекенге өмір сүріп, сондай өмірге дағдыланып, сол тіршілік нәрі жоқ жерден өз бойынан өмір сүруге қажетті күш-жігер таба біліп, қиын жағдайдан шығудың нақты жолдарын ойлап табулары қажет болды.
Қызықты өткен тренинг өз мақсатына жетті, курсанттардың бойында еліне, жеріне, рухани байлығына деген сүйіспеншілік сезімін жаңғырта білді деген сенімдеміз.
Қорытындылай келе, Мұхтар Шахановтың «Әр елдің төрт түбі бар: туған мәдениеті, туған тарихы, туған елі; туған жері» деген өнегелі сөзімен аяқтай отырып, рухани мұраларымызды бағалай білейік дегім келеді.

Психологиялық жұмыс орталығының
аға оқытушы- әдіскері
полиция майоры А.Досмаилова