Психологиялық тренингтің көмегі

2020 жылғы 21 ақпанында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының алғашқы кәсіптік даярлық 2-оқу тобының тыңдаушыларына кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасының аға оқытушысы полиция капитаны Н.Турсымбаева мен топ кураторы полиция майоры А. Танкибаева «Ішкі істер органдары қызметінің кәсіби қызметіндегі мінез-құлықты басқарудың жолдары мен тәсілдері» атты психологиялық  тренинг өткізді. Психологиялық тренингті өткізу мақсаты топтағы бірлікті нығайту, қарым-қатынасты күшейту болып табылады. Тренинг барысында топ арасынан көшбасшы таңдалып, қызметкердің мінез-құлқын басқарудың жолдары мен тәсілдері түсіндірілді.

Алғашқы кәсіптік даярлық
2-оқу тобының кураторы
полиция майоры
А. Танкибаева