Пробация қызметі бөлімінің қызметкерін оқу процесіне тарту

2021 жылдың 17 ақпанында Ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының оқытушысы полиция майоры А.Ж. Садыков кәсіби даярлық факультетінің 3-курс 308-оқу тобының курсанттары арасында «Пробация қызметін ұйымдастыру» пәні бойынша «Қоғамдық және түзеу жұмыстары түріндегі жазаларды орындауының құқықтық реттелуі мен тәртібі» тақырыбында Алматы облысы ҚАЖ департаментіне қарасты Іле аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны Бибігүл Мұратбекқызы Алимжанованы оқу процесіне тарта отырып, онлайн сабақ өткізді.

Сабақ барысында Бибігүл Мұратбекқызы пробация қызметінің есебінде тұрған, қоғамдық жұмыстарға тартылған тұлғаларға қатысты сот үкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, оларды пробация қызметінің есебіне алу тәртібі мен жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл тәртібі бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар, пробация қызметкерлерінің жұмыс барысында кездесетін мәселелерін қарастырып, олардың шешу жолдарын да атап өтті. Қойылған сұрақтарға берілген жауаптар, ұсынылған ақпарат курсанттардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, білімге деген құштарлығын оятуға септігін тигізді.

Ішкі істер органдарында
әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру
кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
А.Ж. Садыков