Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету: мәселелері мен болашағы

2019 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы Пробация қызметінің мамандарын оқыту орталығының дәріс залында ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасы ғылыми зерттеу орталығымен бірлесіп, пробация қызметінің бастықтары, бастықтарының орынбасарлары, бас мамандары, аға инспекторлары, инспекторлары санаты бойынша біліктілікті арттыру курстары тыңдаушыларының қатысуымен «Әлеуметтік-құқықтық көмек: түрлері, ӘҚК ұсыну субъектілері, олардың іс-қимыл жасасу тәртібі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді.
Сонымен қоса дөңгелек үстелге қатысу үшін «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» ММ маманы, жетекшісінің орынбасары Л. Швыдко, Қостанай облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметін басқару бөлімінің бастығы әділет капитаны М. Кожагельдинов, Қостанай облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметінің бастығы әділет майоры Е. Тумурзин, Қостанай облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметін басқару бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны Е. Жунусова шақырылды.
Іс-шараны алғы сөзін айту барысында ІІО-да ӘЖҰ кафедрасының бастығы полиция полковнигі Нұрлан Аққалашұлы Тулкинбаев дөңгелек үстелге қатысушыларға іс-шараның өткізу тәртібін жеткізіп, қонақтарды таныстырды.
«Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің өзекті мәселелері» атты баяндамасын ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының оқытушысы полиция капитаны А. Бабич жеткізді.
Дөңгелек үстелдің жұмысы барысында қатысушылар бірнеше сотталған адамдардың әлеуметтік көмек алу үшін жүгіну бойынша мәселелерді талқылады. Мысалы, азаматтарға арнайы әлеуметтік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттардың топтамасы бар болуы талап етіледі, атап айтқанда міндетті түрде аталған мекенжай бойынша тіркеу, осыған қоса жұмыссыз ретінде есепке тұрғанда сотталған адамдар әр 3 күн сайын тіркеуге келу керек, ал тіркеуге кешігіп келетін болса, сотталған адам есептен шығарылады, осыған қоса көмек алу үшін жүгінген адамдарға жалақасы төмен жұмыс орындары ұсынылады.
Көкшетау қаласында аталған мәселені шешуімен Ақмола облысы бойынша ҚАЖД-ның Көкшетау қалалық пробация қызметінің бастығы әділет майоры А. Идрисов тәжірибесімен бөлісті. Аталған пробация қызметі тікелей жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасасуда және осы жұмыс едәуір оң әсер әкеледі. Аталған тәжрибе өзекті болып табылады, өйткені есепте тұрған сотталған адам қайта қылмыс жасаған кезде, оның еңбекпен қамтылғанына назар аударылады, егер сотталған жұмыссыз болса пробация қызметі жауапқа тартылады.
Түркістан облысы бойынша ҚАЖД-ның Төлеби аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры А. Қамбарбаев келесі медициналық көмек көрсету бойынша мәселені талқылауға ұсынды: егер сотталған адамға шетелде емделу қажет болса, ол респубикамыздың шегінен шыға алмайды.
Шараның соңында ІІО-да ӘЖҰ кафедрасының бастығы Н. Тулкинбаев қатысушылардың назарларынадөңгелек үстелдің қорытындыларыболашақта талқыланып, пробация қызметінің жұмысын реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін жолданатын ұсыныстардың жобасын жеткізді.

ІІО ӘЖҰ кафедрасының
аға оқытушысы
полиция подполковнигі
К. Туретаев