Оқу процесінде тәжірибесімен бөлісу

 

Ағымдағы жылдың 3 наурызында кәсіби даярлық факультетінің 308-309 оқу топтарына «Пробация қызметін ұйымдастыру» пәні бойынша «Шартты түрде сотталған адамдарға пробациялық бақылауды жүзеге асырудың құқықтық реттелуі мен тәртібі» тақырыбында, Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы әділет майоры Лейла Қанатқызы Ахметкалиеваны тарта отырып сабақ өткізілді.
Сабақ барысында Лейла Қанатқызы өз тәжірибесіндегі жұмыстың ұйымдастырылуын жеткізе отырып, курсанттардың назарына шартты сотталғандар үшін пробациялық бақылауды жүзеге асыру тәртібі және ұйымдастырудың құқықтық реттелуі, сонымен қатар шартты сотталғандардың оған қатысты пробациялық бақылау қолдану кезінде жүктелген міндеттерді орындамағаны үшін қарастырылған жауаптылық туралы жеткізді.

Аталған сабақ курсанттар үшін оқу процесінде алып жатқан білімдері мен дағдыларын одан әрі тереңдетуге септігін тигізді. Сабақ соңында Лейла Қанатқызы курсанттарға оқуларына сәттілік тілеп, алдағы уақытта қызметтеріне адал болуларына тілек білдірді.

Ішкі істер органдарында
әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру
кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
А.Ж. Садыков