Отбасы өмір аясы

Біреуде бар кейбіреуде жоқ мүлдем,
Шүкір етем отбасымның барына.
Олар маған артық көктем көп гүлден,
Шүкір етем отбасы ата –анама.

Келгенде бір аяқ-аты қайғы мұң,
Рухын сынап құлап үлкен айбынның.
Отбасыңнан жақын сонда кімің бар,
Отбасы ол үлкен сенің байлығың.

Отбасы ол киелі ұя панаң ғой,
Демеп сені қолтығыңнан қысатын.
Отбасы ол Әке-шешең, анаң ғой,
Мейірлене құшағыңа қысатын.

Әрбір адам отбасынан нәр алған,
Бар бақытты отбасынан ала алған.
Адам болсаң сыйла ата-анаңды,
Пенде болсаң адам болып жаралған.

Отбасыңды жақсы көр еліңді сүй,
Тәрбиеле бүгінгі жас ұрпақты.
Бүгінгі жас ертеңгі болашақ қой,
Ал болашақ бүгіннен басталады!

Полиция кіші сержанты
4 курс курсанты
Ә. Ілияс