«Менің Отаным Қазақстан!» сурет байқауы

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 50 жылдығы мен Халықаралық балалар күнін қорғау күні аясында «Менің Отаным Қазақстан!» атты балалар арасында онлайн сурет байқауы ұйымдастырылды.
Идеологиялық жұмыс бөлімі мен ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен байқауға Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған «балабақшамектепинтернат» Қостанай арнайы кешені» және «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған» Рудный арнайы №1 мектеп-интернатының бүлдіршіндері қатысты.
Шараның мақсаты балалардың арасында патриотизмді қалыптастыру, ұлт бірлігін нығайту, сондай-ақ Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың одан әрі мүмкіндіктері мен шығармашылық өсуін ынталандыру болып табылады.
Байқауға қатысқан барлық бүлдіршіндер мен жеңімпаздар арнайы грамоталар және сыйлықтармен марапатталды. Шараға үлестерін қосқан балаларға алғысымыз шексіз!

ІСКБ инспекторы П. Жұмабек