Көңілден шыққан тәжірибелік сабақ

Кәсіби даярлық факультеті курсанттарының теориялық білімдерін тереңдету және бекіту, практикалық қызмет үшін қажетті тиісті кәсіптік дағдылар мен іскерліктерді алу және жетілдіру мақсатында 2020 жылдың 11 қарашасында академияның даярлық факультетінің 3 курс 301-304 оқу топтарымен (әкімшілік-құқықтық мамандандыру) криминология пәнінің «Зорлық қылмыстылығының криминологиялық мінездемесі және алдын алу»тақырыбын «Зорлық қылмыстарының арнайы криминологиялық ескертуінің негізгі бағыттары» атты тәжірибе сабағының 3 сұрағы бойынша ішкі істер органдарының әкімшілік қызмет саласында көптеген жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан, қазіргі таңдаМаңғыстау облысы бойынша полиция департаментінің Жанаөзен қаласының ПБ патрульдік полиция батальоны қызметінің аға инспекторы, полиция старшинасы Абатов Бақытжан Усенович арнайы қонақ ретінде шақыртылған болатын.
Сабақ барысында практикалық қызметкер әкімшілік полиция жұмысының ерекшеліктері туралы айтып берді, өзінің тәжірибесіндегі болған қызықтары мен мысалдарын келтірді, оқудың теориялық бағытына үлкен мән беріп, түсініп, нақты білім алуға назар аудару керектігін айтты, сонымен қатар ширақ қимылдау, жауапкершілік, белсінділік сияқты қасиеттерді осы кезден қалыптастыруды бастау керектігін ескертті, өзіндік білім алуға бейімділікті дамытудың өте маңызды екендігін айтты.
Кездесу конструктивті түрде өткізілді, курсанттар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Практикалық қызметкер мен курсанттардың осындай кездесулерінің оқуға және арнайы кәсіби пәндерге қызығушылығын арттыруға, білім сапасын жақсартуға үлкен әсер ететіндігін айтып кетті.

Қылмыстық құқық және
жазаны орындауды ұйымдастыру
кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
М. Қалқаманұлы