КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТІ АРТТЫРУДЫҢ БАСТЫ РЕСУРСЫ 04.12.2019 Оқытушының өзіндік білім алуы — бұл жаңа педагогикалық құндылықтарды, тәсілдерді, оларды қолдану дағдылары мен машықтарын және өзінің кәсіби қызметінде шығармашылық интерпретациясын өзіндік меңгеру процесі. 2019 жылғы 4 желтоқсанда Қостанай академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы арасында «Оқытушының кәсіби құзыреттілігін арттыру процесінде өзіндік білім алуы» атты дөңгелек үстел өтті. Өткізілген дөңгелек үстел оқытушылардың кәсіби қызметі үшін тәжірибелік ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді. Оқу-әдістемелік орталығының аға оқытушы-әдіскері, полиция майоры А.Наурзбаева