Кәсіби мамандармен тығыз байланыс

Оқу үдерісін жетілдіру бағыттарының бірі оқытудың тәжірибелік құрамдас бөлігін іске асыру болып табылады. Кафедрада оқытылатын оқу пәндерінің тәжірибелік бағыттылығын күшейту үшін тәжірибелік қызметкерлермен өзара іс-қимылға көп көңіл бөлінеді.
Осыған байланысты, жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушылары, полиция майоры А. Бузаканова және полиция полполковнигі А. Ақылбекова бірлесіп 2021 жылдың 23 қыркүйегінде Адам құқығы блогі аясында өткізген «Азаптаулар және басқа да қатігездік адамгершілікке жатпайтын, адамның ар-намысын қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен босату» атты тақырыптағы дәріске «Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюросының» Қостанай филиалының директоры Махаббат Ахметбекованы шақырды.

М.Ахметбекова дәріс барысында жоғарыда аталған тақырыптың бүгінгі уақыттағы ең өзекті мәселелері туралы ақпараттармен бөлісті, аталмыш тақырып аясында жұмыс тәжірибесінен де өмірлік мысалдар келтірді. Сабақ барысында тәжірибелік қызметкерлер азаптауға арналған іс-шараларға ерекше назар аударуы қажет екені де сөз етілді.
Дәріс қызықты да танымды болып өткізілді. Осындай тәжірибелі қызметкерді сабақтарға көптеп қатыстыру – болашақ мамандардың пәндерге деген қызығушылықтарын арттырып қанат қоймай, Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары үшін сапалы кәсіби мамандарды дайындауға зор ықпалын тигізеді.

А.Б. Ақылбекова
Жалпы заң пәндері кафедрасы бастығыныңы орынбасары,
полиция подполковнигі