Курсанттардың тәжірибелік қызметпен жақын танысуы

Жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры А.Б. Ақылбекова 2020 жылдың 12 қарашасында кәсіби дайындық факультетінің 3-курс, 301 — оқу тобында Қостанай облысының «Заңгер» заң кеңесшілері палатасының заңгер кеңесшісі, Даурен Құрманғалиұлы Рахаделовтың қатысуымен «Азаматтық істердің ведомстволық бағыныстылығы мен соттылығы» тақырыбында Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы пәні бойынша семинар сабақ өткізілді. Аталмыш өткізілген семинар сабақта Дәурен Құрманғалиұлы өзінің кәсіби қызметке қатысты жинақталған мол практикалық дағдыларымен қатар, қызмет барысындағы түйген білімін болашақ маман иелері курсанттармен кеңінен бөлісті.
Тақырыпты талқылау барысында, білім алушыларға азаматтық істердің ведомстволық бағыныштылығы мен соттылығын ажырату мәселелері бойынша сүбелі ой, тұшымды түсініктеме берілді, онда ведомстволық бағыныстылық соттардың құзыретін тұтастай алғанда сот емес, органдардың құзыретінен ажыратады, яғни, сот юрисдикциясының шекараларын тұтастай белгілейді, ал соттылық нақты соттың юрисдикциясын анықтайды.
Сонымен қатар, соттылық туралы мәселелерді шешу тәртібі, соттылықты өзгерту жағдайлары туралы мәселелер де қарастырылдыды. Практикалық қызметкерлермен кездесу білім алушыларға материалды жақсы игеруге және осы пәнді түсінуге көмектеседі.

ЖЗП кафедрасының аға оқытушысы,
полиция майоры А. Акылбекова