Жас қаламгерлер республикалық форумға қатысты

Ағымдағы жылдың 19-20 қыркүйек күндері Қарағанды қаласында Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған жас ақындар мен жазушылардың республикалық форумы өтті.
Форум «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, әдебиеттің жетістіктерін, мәдени дәстүрлерін және трендтерін талқылады. Бұл іс-шараға республиканың түкпір-түкпірінен келген жас ақындар мен жазушылар жиналды. Олардың арасында Исраил Сапарбай, Жүрсін Ерман, Несіпбек Айтұлы, Ғалым Жайлыбай және тағы да басқалар болды.
Аталған форумға ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі және сырттай оқыту факультетінің полиция қатарындағы 3-курс курсанты Лашын Ерболат және полиция кіші сержанты  4-курс курсанты Әділ Ілияс атты жас қаламгерлеріміз қатысты. Форумның бағдарламасы екі күнге созылды. Осы екі күн ішінде пікірталастар, дөңгелек үстелдер, тұсаукесерлер және бірталай іс-шаралар өткізілді.  Аталған форумда Академиямыздың жас қаламгерлері өздерінің жүректен шыққан өлеңдерін оқыды. Іс-шара барысында жас ақындар мен жазушыларға сертификаттар табыс етілді.
Сонымен қатар іс-шара барысында халқымыздың дарынды ақындары      Абай Құнанбаевтың және Касым Аманжоловтың ескерткіштеріне  гүл шоқтары қойылды. Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына экскурсия жасалды. Жас қаламгерлеріміз форумнан алған әсерлерімен курсанттармен бөлісті.

Осы екі күн есте қаларлықтай мол сәттерге толы  болды.

Баспасөз қызметі