Ерлік білекте емес, жүректе

«Ешкімде анадан батыр болып тумайды.

Батырлық та мінез секілді өскен орта,

көрген тәрбиеге байланысты

қалыптасады»
Б.Момышұлы

ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ІІО әкімшілік қызмет кафедрасында курсанттармен тәжірибелі қызметкерлердің кездесулерін ұйымдастыру дәстүрге айналған. Кезекті кездесу бүгінгі күннің қаһармандары патрульдік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Амантай Байжанов, патрульдік полиция инспекторы полиция лейтенанты Ерлан Жасәділ, арнайы және жұмылдыру даярлық басқармасының инспекторы полиция аға лейтенанты Еркебұлан Төлебековпен өткізілді.
Патрульдік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты А.Байжанов 2019 жылдың 22 сәуірінде әріптесі Ж.Жаутинмен бірге жанып жатқан үйден 15 тұрғынды алып шыққан. Сондай-ақ өзінің жанқиярлығының арқасында 2021 жылдың ақпан айында әлеуметтік желілердің нағыз қаһарманына айналды. Қостанай облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты аймақта дауыл болып жатқан уақытта тәртіп сақшысы автокөліктер тізбесін Қостанай қаласына дейін алып жүріп өтті.

Патрульдік полиция инспекторы полиция лейтенанты Е.Жасәділ мен екі қызметкер 2012 жылдың 12 шілдесінде суға батып бара жатқан 14 және 17 жастағы жасөспірім қыздарды құтқарып қалып, сөзсіз ерлік жасады.
Ал арнайы және жұмылдыру даярлық басқармасының инспекторы полиция аға лейтенанты Е.Төлебеков 2017 жылы орталық жағалауды патрульдеу барысында шағын көпірден суға секірген қызды байқап, оны судан құтқарып қалды.
Кездесу барысында қонақтар жасаған іс-әрекеттері туралы баяндады. Сондай-ақ тәжірибелі қызметкерлерге оқу орнының жағадан ашылған оқу-материалдық базалары, дәріс залдары көрсетілді. Міне, осы полицейлердің дер кезінде жасаған іс-әрекеттерінің нәтижесінде қаншама адамның өмірі сақтап қалынды.

На кафедре административной деятельности ОВД Костанайской академии МВД им. Ш. Кабылбаева стало традицией организовывать встречи с курсантов с сотрудниками полиции, чьи профессиональные достижения высоки.
Очередная встреча состоялась с героями сегодняшнего дня инспектором патрульной полиции Амантаем Байжановым, инспектором патрульной полиции Ерланом Жасадилом, инспектором Управления специальной и мобилизационной подготовки старшим лейтенантом полиции Еркебулан Тулебековым.
Старший лейтенант полиции А. Байжанов 22 апреля 2019 года совместно с коллегой Ж. Жаутиным спасли из горящего дома 15 человек. Также благодаря своей самоотверженности в феврале 2021 года стал настоящим героем социальных сетей. В связи с резким ухудшением погодных условий в Костанайской области, в период шторма в регионе страж порядка направлял колонну автомобилей до города Костанай.
Инспектор патрульной полиции лейтенант полиции Е. Жасадил и двое сотрудников совершили подвиг, спасая тонущих девочек-подростков 14 и 17 лет.
Инспектор Управления специальной и мобилизационной подготовки старший лейтенант полиции Е. Тулебеков в 2017 году в ходе патрулирования Центральной набережной, будучи курсантом 3 курса Костанайской академии, заметил девушку, спас тонущую девушку, которая пыталась покончить жизнь самоубийством, прыгнув в воду с малого моста.

ІІО Әкімшілік қызмет
кафедрасы