ЕРЕН ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ

2019 жылдың 31 тамызында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Нұрлан Амангелдіұлы Биекенов оқу ордамыздың 3 курс курсанты Бәшір Ғасырбекке Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің төрағасы С.Сапиевтің 2019 жылғы 24 маусымдағы №241 бұйрығына сәйкес белбеу күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын орындағаны үшін берілген арнайы куәлігін өз қолымен табыстап және Қызылорда облысы Жаңақорған қаласында бой көтерген белбеу күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында 3 орын алғаны үшін өзін және «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» дегендей жаттықтырушысы жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Е.Кабидуллиновты құттықтап, ризашылығын білдірді.

ЖжДД кафедрасының
аға оқытушысы
полиция майоры
Ержан Кабидуллинов