«ДЕНСАУЛЫҚ — 2020» СПАРТАКИАДАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында жыл сайынғы дәстүрге айналған «Денсаулық-2020» қысқы спартакиадасы жалғасын табуда.  Бүгін де, командаларға бөлінген Академия қызметкерлері бір-бірлерімен дойбы спорт ойынын ойнады.
Тарихқа көз жүгіртсек, дойбы – бір жағынан ежелгі, екіншіден жас ойын. Қазақстанда дойбыдан ресми жарыстар 1935 жылдан бері өтіп келеді. Кейбір деректерге қарағанда дойбы қазақ жеріне 1740 жылдар шамасында келген. Ұлы Абайдың атасы Өскенбай, өз әкесі Құнанбай, атақты Кемпірбай ақын және олардың көптеген замандастары дойбыны құмарта ойнаған екен.

Дойбы ойыны қызметкерлердің ой-өрісін жетілдіреді, өз халқының асыл мұраларын бойына сініреді, мергендікке, ептілікке, шапшандыққа баулиды, спорттық шеберлік қабілеттіктерін арттырады, тілдік қорларын дамытып, зеректілігін қалыптастырады.
Аталған ойынның нәтижесі бойынша қызметкерлерден құрылған «Арлан», «Арыстан», «Динамо», «Жауынгер», «Ғалымдар», «Барыс»  атты командалардың жалпы ұпайына сәйкес 1 орынды- «Арлан», 2 орынды- «Барыс», 3 орынды- «Жауынгер» командасы иеленді. Сонымен қатар әр команданың ішінде ең үздік ойыншы ретінде «Жауынгер» командасынан Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімшесінің маман-инспекторы О.Уақпаева және «Барыс» командасынан Оқу сапасын мониторингілеу және бақылау     (бағалау) бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Қ.Қарабеков көзге түсті. Келесі жарыс үстел теннисі бойынша өтеді. Командалар, сіздерді алда керемет жарыстар күтіп тұр!

Баспасөз қызметі