«ДЕНСАУЛЫҚ – 2020» спартакиадасы өз мәресіне жетті


Жаңа жылды дәстүрлі жиын мерекелермен бастау ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында қашаннан келе жатқан үрдіс болып табылады. Академия қабырғасы құрылғалы бері оқытушылар мен жеке құрам арасында көптеген спорттық және ғылыми-олимпиадалық жарыстар, сонымен қатар қызметкерлер арасында біліктілікті арттыру нысанындағы сайыстар да жиі өткізіліп отырады.

Солардың бірегейі 2020 жылдан бастау алған «Денсаулық күніне» арналған спартакиадамыз қаңтар айының 20 жұлдызынан бастап оқу ордамыздың басшылығының қолдауымен және дене дайындығы кафедрасы мұғалімдерінің ұйымдастыруымен жүзеге асқан болатын.



Академия қызметкерлері арасынан «Динамо», «Ғалымдар», «Жауынгер», «Заңгер», «Арлан» және «Барыс» командалары сап түзеп, өздерінің араларында «шын жүйрікке тұсау жоқ» дегендей мықтыларды анықтауға кірісіп те кеткен болатын.


Тарихы терең бұл бір спартакиадамыз Академия қызметкерлерінің арасында жиі және командалық нысанда жүргізілетін үлкен жиындардың бірі. Оқытушы құрамның арасында бір-біріне деген сенім мен өзара ынтымақтастықты арттыратын сайыс түрі болып табылады. Команда тек біріккен кезде ғана биік шыңдарға шыға алады. Осыны түсінген оқытушыларымыз «бірлік бар жерде тірлік бар» дегендей бірлесе әрекет ете бастады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші командалар аянбай тер төгіп, жарысымыздың сатыларынан сүрінбей өтті. Спорттың бес түрінен ұйымдастырылған жарысымыз да өз мәресіне жетті. Қорытындылай келе, жарыс кезіндегі үздік ойыншыларымызбен  ұпай санымен суырылып алға шығып, жеңіске жеткен 1-орынды «Арлан» командасына, 2-орынды «Арыстан» командасына, 3-орынды «Барыс» командасына беріп, спортшыларымызды марапаттаумен жарысымызды аяқтадық.





Дене шынықтыру даярлығы
кафедрасының оқытушысы полиция аға лейтенанты                                                                                 Р.Кутымбаев